Есік көлі мен Асы-Түрген обсерваториясына апарар жол жабылды

16:52, 27 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz

Алматы облысында бүгін, 2024 жылдың 27 қарашасынан бастап Есік көлі мен Асы обсерваториясына баратын жолдар жабылды. Бұл туралы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар Талғар мен Еңбекшіқазақ өңірінде қар көшкіні қаупі әлі сақталып отырғанын айтады.

Сондықтан келесі шешім қабылданды:

"2024 жылдың 27 қарашасы мен 2025 жылдың 31 наурызы аралығында Алматы облысында жолдардың үш учаскесі жабылады".

  • Есік қаласы – Есік көлі, 7-15 км.
  • Түрген – Батан – Ассы обсерваториясы, 15-41 км.
  • Талғар қаласы – Спутник қалашығы, 6-11 км аралығы.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге болжам берген болатын. Олардың айтуынша, қазақстандықтар 2024 жылдың 28, 29 және 30 қарашасында тұрақсыз ауа райына дайындалуы керек.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!