Әсем Орынбай стенд атудан әлем рекордын қайталап, алтын медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алды. Әсем Орынбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әсем әйелдер арасындағы "скит" жаттығуында топ жарды.
Финалда қазақстандық спортшы 33 ұпай жинады. Осы нәтижемен Әсем Орынбай биыл командаласы Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады.
Қытайлық Итин Цзян 30 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңі 4 мамырда басталды. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр және 11 мамырға дейін жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 5 мамыр 2026
Мбаппе мен Куртуа Барселонаға қарсы матчта «Реалға» көмекке келуі мүмкін
-
17:37, 5 мамыр 2026
«Жаңбыр жауады». Астана, Алматы, Шымкент: 6, 7 және 8 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
17:21, 5 мамыр 2026
Күмәнді жағдайлардың жиілеуіне байланысты мүгедектік бойынша әлеуметтік төлемдерді беру уақытша тоқтатылды
-
16:55, 5 мамыр 2026
Рейстің кешігуі, овербукинг және багаж: жолаушы ұшар алдында нені білуі керек
-
16:42, 5 мамыр 2026
Үкімет резервінен алдағы жылыту маусымына 25 млрд теңге бөлінеді





