«Жаңбыр жауады». Астана, Алматы, Шымкент: 6, 7 және 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

17:37, 5 мамыр 2026

© Сурет: pixabay

"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің үш ірі қаласы бойынша 2026 жылғы 6, 7 және 8 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Астанада сынап бағаны +27°C-ге дейін, ал Алматы мен Шымкентте +32°C және +35°C-ге дейін көтеріліп, жаздың аптап ыстығы басталғанын танытады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

  • 6 мамыр: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Соққан желдің жылдамдығы секундына 14 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +21...+23°С.
  • 7 мамыр: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +25...+27°С.
  • 8 мамыр: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні - 14 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +23...+25°С.

Алматы мен Шымкентте үш күн бойында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Алматы

  • 6 мамыр: аспан бұлтты. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +26...+28°С.
  • 7 мамыр: аспан бұлтты. Аздап жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +28...+30°С.
  • 8 мамыр: аспан бұлтты. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +30...+32°С.

Шымкент

  • 6 мамыр: аспан бұлтты. Соққан желдің жылдамдығы секундына 10 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +28...+30°С.
  • 7 мамыр: аспан бұлтты. Желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +30...+32°С.
  • 8 мамыр: аспан бұлтты. Желдің екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз: +33...+35°С.

Бұған дейін синоптиктер 5 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!