Ерлі-зайыптылар WhatsApp пен жарнамалар арқылы 51 млн теңгеден астам қаржы таппақ болған
© Фото: unsplash
Жамбыл облысында интернет-алаяқтық жасаған ерлі-зайыптыларға қатысты үкім шықты. Бұл туралы 2026 жылғы 11 наурызда өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1 және 4-тармақтары бойынша 17 ақпанда Байзақ аудандық сотында қаралған.
"Сот үкімімен күйеуі 2 жыл 8 айға, ал жұбайы 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот анықтағандай, ерлі-зайыптылар 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз пайда табу мақсатында WhatsApp мессенджерінде ыдыс-аяқ пен үйге арналған басқа да тауарларды төмен бағамен сататыны туралы жарнамалар жариялаған.
Сатып алушылардың сеніміне кіру үшін алғашқы клиенттерге тауарлар шынымен жеткізілген. Алайда кейін басқа азаматтардан тапсырыс қабылдап, ақшасын алғанымен, тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Ал алынған қаражатты өз қалауларынша жұмсаған.
Олардың қылмыстық әрекеттері салдарынан 112 адам зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 51 288 146 теңгені құрады.
Сот процесі барысында айыпталушылар кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген.
Прокуратура қазақстандықтарды мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып алғанда сақ болуға, тым төмен бағамен ұсынылған күмәнді жарнамаларға сенбеуге және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.
Бұған дейін алаяқтар бір қазақстандық әйелді банктегі шоттарындағы ақшасын шұғыл шешіп алуға көндіргені туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:44, 2 мамыр 2026
Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:15, 2 мамыр 2026
Түнде сыра сатқан: Алматыда кәсіпкер жауапқа тартылды
-
16:52, 2 мамыр 2026
Синоптиктер 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды
-
16:19, 2 мамыр 2026
Германия жағалауында тұралап қалған кит Атлант мұхитына жіберілді
-
15:54, 2 мамыр 2026
Түркістан облысында көпірді су алып кеткеннен кейін полицейлер 78 адамды эвакуациялады





