Ер адам экс-әйелімен болған жанжалдан кейін оның көлігін ұрлап кеткен

10:18, 17 ақпан 2026

© Сурет: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ақмола облысында бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал көлік ұрлау дерегімен аяқталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Көкшетау қаласының полициясына Kia Soul маркалы автокөлікті ұрлап кеткені және оның Астана бағытына қарай бет алуы мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында аталған оқиғаға көлік иесінің бұрынғы жұбайының қатысы болуы ықтимал екені анықталған. Ұрлап кету оқиғасының алдында олардың арасында жанжал болған.

"Хабарлама түскен сәттен бастап барлық патрульдік экипаждар мен жедел іздестіру бөлімшелері көлікті іздеуге бағытталды. Көліктің белгілері туралы жедел ақпарат дереу патрульдік полиция нарядтарына жолданып, қала сыртындағы шығаберістер мен республикалық тасжолда қосымша бақылау бекеттері қойылды", – деп мәлімдеді ведомство 2026 жылғы 16 ақпанда.

Нәтижесінде біраз уақыттан кейін автокөлік Астана – Көкшетау тасжолының 251-шақырымында тоқтатылды. Жүргізуші ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта көлік ұрлау кету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Павлодар облысында қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 700-дей азамат жауапкершілікке тартылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!