Әнші Төреғали Төреәліге ота жасалды

16:27, 20 қыркүйек 2018

Төреғали Төреәліге ота жасалды. Әнші денсаулығын қызылордалық дәрігерлерге сеніп тапсырған, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Бұл туралы Төреғалидің өзі хабарлады.

“Құрметті менің оқырмандарым! Бәріңізге Алланың атымен сәлем бердім.

Қызылорда қаласында жасалған ота сәтті аяқталды. Жұмысы ауыр болса да, қолы жеп-жеңіл дядя Коляға көп жақсылық тілеймін! Інім деп ізет қылар Ізмағанбетов Құламерген Асылбекұлындай ағалар көп болса екен! Алладан амандық сұраймын, ауырмаңыздар”, – деп жазды ол.

Ұлы дала баласы қандай отаға түскенін айтпаған. Десе де, жанкүйерлері оның өмірі үшін алаңдаушылық білдіріп, зор денсаулық тіледі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!