Енгізгендер жауап беруі керек: депутат мектептердегі БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау туралы пікір білдірді

16:39, 5 маусым 2026

© Фото: akorda.kz

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова 2026 жылғы 3 маусымда Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту министрлігінің бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) алып тастау жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ирина Смирнованың айтуынша, бұл жүйені алып тастамас бұрын жан-жақты талдау жүргізілуі қажет.

"Бұл жүйе ұзақ уақыт бойы енгізілді, оған қомақты қаржы бөлінді. Егер бұл дұрыс емес шешім болса, онда оны енгізген шенеуніктер жауап беруі керек шығар. Яғни бүгін енгізіп, ертең алып тастай салуға болмайды. Мұндай шешім талдауға, талқылауға, сарапшылардың қорытындысына сүйенуі керек. Бұл бір адамның немесе Оқу-ағарту министрлігінің эмоцияға берілген шешімі болмауы тиіс", – деді депутат.

Оның пікірінше, оқушылардың білімін бағалау жүйесін қайта қарауға да асықпау керек.

"Бұрын бізде бес балдық жүйе болды, бірақ мұғалімдер көбіне "1" немесе "2" деген бағаны қоймауға тырысатын, негізінен "3", "4", "5" қоятын. Ал үш қана бағамен оқушының білімін толық бағалау қиын, кейде қандай баға қою керегін де білмейсің. Сондықтан БЖБ мен ТЖБ жүйесінде де белгілі бір оң тұстар болды", – деді ол.

Бұған дейін 2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!