Энергетика министрлігі дрондар шабуылына ұшыраған Каспий құбыр консорциумындағы жағдайға қатысты түсінік берді

14:55, 4 желтоқсан 2025

© Сурет: cpc.ru

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров 2025 жылғы 4 желтоқсанда Сенаттағы брифингте дрондар шабуылынан кейінгі Каспий құбыр консорциумындағы (КТК) жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол бұл мәселе үкіметтің ерекше бақылауында тұрғанын атап өтті.

"Қазіргі таңда мұнай тасымалдау тұрақты режимде жүріп жатыр. Бір айлақ толық қуатында жұмыс істеп тұр, ал екінші айлақты жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір мұнай тасымалына қандай да бір шектеу жоқ", – деді Ақбаров.

Вице-министрдің айтуынша, келтірілген залалдың нақты мөлшері әлі анықталып жатыр.

Журналистер оның Украина тарапымен бұл шабуылға қатысты байланыс орнатылған-орнатылмағанын сұрады.

"Бұл – Сыртқы істер министрлігінің құзыреті. Қазіргі уақытта мәселе қаралып жатыр", – деп жауап берді ол.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 29 қараша таңертең Новороссийск порты маңындағы КТК-ның теңіз инфрақұрылымы дрон-қайықтармен шабуылға ұшыраған болатын. Шабуылдың салдарынан ВПУ-2 атты бірқайраңдық айлақ құрылғысы қатты зақымданды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!