Энергетика министрі Қазақстанда 14 тамызда болған блэкауттың оң тұстары барын айтты
© Фото: unsplash
Энергетика министрі Ерлан Ақкенжонов 2026 жылғы 25 тамызда Үкіметтегі брифингте 11 күн бұрын Қазақстанда болған блэкаутқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Энергетика министрі 14 тамызда сағат 14:37-де Орталық Азияның энергетикалық жүйесінде генерациялайтын жабдықтың істен шыққанын еске салды.
"Біз мұны қуаты жалпы шамамен 625 МВт болатын Тоқтоғұл ГЭС-індегі №1 және №2 гидрогенераторлардың ажыратылуымен байланыстырамыз. Орталық Азиядағы көршілес энергожүйелердің жұмыс режимінің өзгеруі Қазақстанның оңтүстік аймағындағы, яғни Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі қуаттардың қайта бөлінуіне әкелді. Соның нәтижесінде Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігі бөлініп, оңтүстік бөлігі оқшауланған режимде жұмыс істей бастады. Үш қосалқы станция, соның ішінде Алматы энергия торабы мен Ағадыр қосалқы станциясы ажыратылды. Кейін үш желі де істен шықты. Осыдан соң тізбекті реакция жүріп, Қазақстанның негізінен оңтүстік өңірлеріндегі бірқатар аймақ электр қуатынан ажыратылды", – деді Ерлан Ақкенжонов.
Оның пікірінше, болған блэкауттың оң тұстары да бар.
"Сағат 14:47-де біздің операторымыз – KEGOC кейбір өңірлерді электр желісіне қайта қосу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Сол уақытта Қарағанды облысындағы, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарындағы шектеулер алынды. Сағат 16:12-де Алматы облысы мен Жетісу облысындағы шектеулер де жойылды. Бұл біздің қорғаныс пен автоматика жүйелерінің қаншалықты тиімді жұмыс істегенінің айқын мысалы. Оператор 2,5 сағат ішінде Қазақстанның бүкіл энергетикалық жүйесін қайта қалпына келтірді. Ыстамбұлда бұған бірнеше күн кеткен", – деді министр.
Еске салайық, 2026 жылғы 14 тамызда Қазақстанда блэкаут болып, сегіз облыс жарықсыз қалған еді. "KEGOC" АҚ мәліметінше, Тоқтоғұл ГЭС-інде жалпы қуаты 600 МВт болатын екі гидрогенератор ажыратылған. Бұл Солтүстік – Оңтүстік транзитіне қуаттың шамадан тыс түсуіне және желінің артық жүктелуіне әкелді.
Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, Қазақстанның оңтүстік аймағы елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесінен және Орталық Азияның біртұтас энергетикалық жүйесінен ажыратылды.
Соның салдарынан Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында тұтынушылар электр қуатынан ажыратылды.
Бұған дейін 20 тамызда Қазақстандағы блэкауттан кейін Энергетика министрлігінің ауқымды жоспарлары белгілі болған еді. Ведомство электр энергиясын өндіру қуатын арттыру және қажетті электр резервін қалыптастыру жоспарлары туралы баяндаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:02, 25 тамыз 2026
ТЖБ болмайды: Қазақстанда оқушыларды бағалаудың жаңа форматы енгізіледі
-
16:59, 25 тамыз 2026
Сыр бойының ұмыт қалған тағамдары: қазақ дастарқаны қандай болған
-
16:56, 25 тамыз 2026
Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі
-
16:51, 25 тамыз 2026
Жылыту маусымына дайындық: Қазақстанның екі өңірі кестеден қалып келеді
-
16:48, 25 тамыз 2026
Қазақстанда алдағы жылдары инфляция деңгейі қандай болады





