Президент Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президентін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасы Судьяларының IX съезі аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) президенті Франческо Депаскуалемен кездесіп, сот жүйесінің реформасы жөнінде пікір алмасты.
Президент Ұйым сот төрелігінің халықаралық стандарттарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, Қазақстан тарапы құқық қорғау механизмдерінің озық тәжірибесін отандық сот жүйесіне енгізуге айрықша мән беретініне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқықтық және демократиялық қағидаттарға арқа сүйейтін мемлекет құру үдерісі қарқынды жүріп жатқанын айтты.
Бұл ретте сот жүйесін реформалау және заң үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды рөл атқарады.
Өз кезегінде Франческо Депаскуале адам құқықтары мен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселесінде ынтымақтастыққа әрдайым дайын екенін жеткізіп, Қазақстанда осы салада жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:25, 17 сәуір 2026
Вьетнам жағажайында жоғалған алматылық қызды қазақстандықтар тауып берді
-
14:07, 17 сәуір 2026
Қазақстанда жұмыспен қамту жүйесі жаңартылуда
-
13:59, 17 сәуір 2026
Алматыда азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды
-
13:45, 17 сәуір 2026
Алматыда интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
-
13:28, 17 сәуір 2026
FlyArystan БАӘ ірі қаласына рейстерін тоқтатты





