Енді Астанада жұмыс уақыты 7:30-дан басталады
© Фото: Zakon.kz
Астанада 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап әкімдік, комқызмет пен бірқатар мемлекеттік мекеме 7:30-дан жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK ақпаратынша, енді елордада әкімдік, коммуналдық қызмет пен бірқатар мемлекеттік мекеме таңғы 7 жарымда жұмысқа кірісіп, сәйкесінше, ертерек тарқайды.
"Бұл өзгеріс, ең алдымен, көшедегі көлік кептелісін азайтып, тұрғындардың жолға жұмсайтын уақытын қысқартуға бағытталып отыр",- делінген жазбада.
Болжам бойынша, таңғы және кешкі қарбалас сәтте көлік ағынын 15-20 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бар дейді сарапшылар. Алайда бұл жаңа жұмыс тәртібі тек орталық аудандарда орналасқан мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға ғана енгізілді. Ал мектеп, балабақша, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды әлеуметтік мекемелер, бұрынғыдай, қалыпты тәртіп бойынша жұмыс істей бермек.
Бұған дейін самокат мінушілерге тротуарда жүруге тыйым салынбақ екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:37, 24 тамыз 2026
Қазақстан президенті жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен дзюдошыларды құттықтады
-
09:30, 24 тамыз 2026
Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында командалық сайыста жеңіске жетті
-
09:18, 24 тамыз 2026
«Қазгидромет» Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады
-
09:06, 24 тамыз 2026
Құрылтай сайлауы: шетелдегі соңғы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады
-
01:49, 24 тамыз 2026
Ашық әрі бәсекелі сайлау – партия көшбасшылары экзитпол нәтижелеріне пікір білдірді





