Енді АҚШ азаматтығын алу үшін елге босануға арнайы келетіндерге тыйым салынады
© Фото: flickr/White House
Енді АҚШ-қа босануға келетіндерге тыйым салынбақ. Билік басындағылардың пікірінше, олар бұл қадамға балаға "АҚШ азаматтығын" алып беру мақсатында арнайы барады. Осыған байланысты, ел президенті болашақта мұндай "қитұрқы" әрекетке жол берілмейтіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа тыйымға қатысты Ақ үй аппараты басшысының орынбасары Стивен Миллер де пікір білдірді. Оның айтуынша, жаңа құжат АҚШ азаматтығын туу құқығы бойынша ала алмайтын адамдар санатын кеңейтеді.
Олардың қатарына:
- АҚШ-қа жау саналатын шетел азаматтары;
- шетелдік террористік ұйымдардың мүшелері;
- шетелдік үкіметтердің мүддесін қорғайтын және олардың атынан әрекет ететін адамдардың кең санаты енгізілді.
"Бұл шараны қабылдау туу құқығы бойынша азаматтығын негізсіз алатын адамдардың едәуір бөлігі бұдан былай оған құқылы болмауын қамтамасыз етеді. Екіншіден, әрі бұл тарихи маңызы ерекше қадам, АҚШ тарихында алғаш рет "босану туризміне" ресми түрде тыйым салынып отыр", – деді Миллер.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 13:04, 7 тамыз 2026
Қазақстанда музей қорын қалыптастыру қағидалары өзгерді
- 12:58, 7 тамыз 2026
Қазақстанға кеспе тас, жиектастар мен гранит әкелуге тыйым салынды: тізбе нақтыланды
- 12:47, 7 тамыз 2026
ІІМ құжаттарды ресімдеуге байланысты қызмет түрлерін бекітті
- 12:34, 7 тамыз 2026
Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады
- 12:23, 7 тамыз 2026
Міндеттері нақты бөлінген: ҚМА мен ҰҚК 13 адамды ұстады





