Еңбек министрлігі еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік төлемдерге қатысты бірқатар ережені жаңартты
© Фото: pixabay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 15 маусымдағы бұйрығымен еңбек қауіпсіздігі, еңбек қатынастары және әлеуметтік төлемдер саласын реттейтін бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзгерістерге сәйкес:
- жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқаманың нысаны жаңартылды;
- жұмыс беруші қызметін декларациялау қағидаларында "мемлекеттік еңбек инспекторлары" ұғымы нақтыланды;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларында "заңнамалық актілер" термині "заңдар" сөзімен ауыстырылды;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларына да осындай өзгеріс енгізілді;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу критерийлеріндегі терминология нақтыланды;
- еңбек кітапшасының нысанындағы кейбір тұжырымдар өзгертілді. Атап айтқанда, "Әкесінің аты (бар болса)" деген дерек және еңбек шартын тоқтатуға негіз болатын мәліметтер жаңартылды;
- еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінің нысанына да осындай өзгерістер енгізілді;
- интернет-платформа операторының салықтарды, зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды ұстап қалу әрі аудару қағидаларында ұлттық валютаның атауы нақтыланып, "тенге" сөзі "теңге" деп жазылатын болды.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 шілде 2026
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылдарын қатаң айыптады
-
17:52, 19 шілде 2026
20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:14, 19 шілде 2026
Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты
-
16:59, 19 шілде 2026
+45 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады
-
16:01, 19 шілде 2026
Алакөлде паром басып кеткен әйел екі аяғынан айырылды





