Бурабай орманына найзағай түсіп, өртті сөндіруге тікұшақ тартылды
© Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 17 маусымда сағат 10:43-те "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бурабай орманшылығы аумағындағы 96-орамның 47-телімінде талға найзағай түсіп, от тұтанған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Smart" орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің тиімді жұмысының арқасында өрт дер кезінде анықталып, жалынның ауқымды аумаққа таралуына жол берілмеді.
"Өрт орманмен көмкерілген аумақтың 0,001 гектарын қамтыды. Өртті сөндіруге "Бурабай" МҰТП және "ҚазАвиаОрманҚорғау" РМКК күштері мен құралдары жұмылдырылды. Жалпы саны 20 маман және бес техника бірлігі, оның ішінде өрт сөндіру автокөліктері, шағын орман-патрульдік кешен, сондай-ақ жағдайды әуеден бақылау және іс-қимылды үйлестіру үшін тікұшақ тартылды. Өрт ошағы сағат 10:43-те анықталып, сағат 11:15-те сөндіру жұмыстары басталды. Ал сағат 11:39-да өрттің таралуы толық оқшауланды", делінген хабарламада.
Өрт ошағы көл деңгейінен шамамен 300 метр биіктікте, жартасты бедері бар, тік әрі жетуі қиын аумақта орналасқан, бұл мамандардың жұмысын айтарлықтай күрделендірді. Соған қарамастан, қызметкерлердің үйлесімді әрекеті мен жедел ден қоюының нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмеді.
"Қазіргі уақытта мамандар өрт салдарын толық жою бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуде. Ұлттық парк аумағына келтірілген залал көлемі барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде анықталатын болады". ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметі
"Бурабай" МҰТП келушілерді, әсіресе өрт қаупі жоғары кезеңде, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін Алматы облысында дәмхана өртеніп, ондағы көп газ баллон айналаға қауіп төндіргені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:56, 17 маусым 2026
Еліміздегі Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілді
-
21:48, 17 маусым 2026
«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:58, 17 маусым 2026
1 млрд теңгеге сатылып кеткен Ұлттық ұланның жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
-
20:46, 17 маусым 2026
Ақтау әуежайы маңындағы ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
-
20:46, 17 маусым 2026
Ақтау әуежайынан ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды





