Елімізде ақбөкендердің ірі популяциясының өсім қарқыны күрт баяулады
© Сурет: wikimedia
Қазақстанда ақбөкендердің саны артып келеді және қазірдің өзінде 5 миллионға жақындап қалды. Алайда, мамандар алғаш рет ірі популяцияның өсім қарқыны баяулағанын айтады. Зоологтар оған түр санын реттеу және қытымыр қыстың салдары түрткі екенін нақтылайды, деп хабарлады Zakon.kz.
Еліміз бойынша ақбөкендердің жалпы саны шамамен 4 689 000 болады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,9%-ға көп.
"Жайық және бетпақдала популяцияларындағы өсім қарқынының баяулауы түр санын реттеу шараларының әсерімен байланысты. Аталған шаралар аясында 196 173 бас жануар алынды. Бұл көлемдегі алу жұмыстары ақбөкендердің жалпы санының азаюына әкелген жоқ, алайда олардың одан әрі қарқынды өсуін тежейтін фактор болды. Сонымен қатар, 2025–2026 жылдардағы қыстың қолайсыз жағдайларының (жұттың) салдарынан өлім-жітім артқанын да ескеру қажет", - дейді зоологтар.
Үш популяция бойынша есепке алу жұмыстары 7–25 сәуір аралығында өткізілді. Әуесанақ нәтижесіне сәйкес:
- Жайық популяциясындағы киік саны шамамен 2 700 000 басқа жетті (2025 жылмен салыстырғанда өсім +17,4%).
- Үстірт популяциясында олардың саны шамамен 119 000 басты құрады (+52,6%),
- Бетпақдала популяциясында шамамен 1 870 000 басқа жетті (+16,9%).
Мамандар авиациялық санақ барлық жануарларды толық әрі тікелей санағы емес екенін, ол белгілі бір статистикалық қателік шегін қамтитын есептік бағалауға негізделетінін айтады.
"Соған қарамастан, алынған деректер ақбөкен популяциясының жалпы өзгеру үрдісін бағалауға және түрді басқару бойынша негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді", - дейді салалық қауымдастық.
Санақ жұмыстары Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасы бойынша РМҚК “ӨБ Охотзоопром” тарапынан ұйымдастырылды. Ұшу бағыттарын жоспарлау мен сандық есептеулерді қоса алғанда, ғылыми бөлігін АСБК жүзеге асырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 20 шілде 2026
Шенеунік Ақтауда белең алғанына бір айдан асқан автогаз тапшылығы қашан жойылатынын айтты
-
22:23, 20 шілде 2026
Маңғыстаудың жерасты мешіттері: Қарин ЮНЕСКО номинациясына қалай дайындалғанымызды айтып берді
-
21:56, 20 шілде 2026
Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:33, 20 шілде 2026
Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапты
-
20:30, 20 шілде 2026
Мемлекеттік академиялық би театрына Болат Аюхановтың есімі берілді





