Елордада Мәңгілік ел даңғылының белгілі бір бөлігі 1 шілдеге дейін жабылады

15:24, 16 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.


"Осыған байланысты, 16 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады. Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!