Алматы полициясы есепте тұрған азаматтарды тексеріп жатыр

14:28, 25 маусым 2024

© Сурет: ҚР ІІМ

Учаскелік полиция инспекторлары қызметінің негізгі бағыты – есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы, қылмыстардың қайталануының алдын алу және адамдармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу болып табылады.

Бұрын қылмыс жасаған адамдар арасындағы қылмысты тұрақтандыру, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласында жыл басынан бері "Тұрмыс", "Пробация", "Есеп", "Шартты" және т.б. жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді, оның негізгі міндеттері – тіркелген контингентті немесе қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ ІІО-да есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру.

"Қоғамнан оқшаулаусыз жазаға кесілген адамдар арасындағы қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару қызметі департаменті пробация қызметі және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүзеге асырылады", – дейді Алатау аудандық полиция басқармасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!