Полиция Астанада ер адамды кім және не үшін «ұрлап кеткенін» айтты

16:15, 25 маусым 2024

© Сурет: pexels

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамды ұрлады деген болжамның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, қала тұрғынының туыстары оны үйіне жеткізгісі келген.


"Полиция ер адамның мас күйінде жағалауда болғанын, оны туыстары үйіне алып кеткенін анықтады. Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Материал сотқа жіберілді", - деп түсіндірді полицейлер.

Маусымның 24-і күні әлеуметтік желіде Астанадағы аулалардың бірінде ер адамдар төбелесіп, кейін бірін көлікке күштеп отырғызып алып кеткені жазылған видео пайда болды. ПД бүгін, 25 маусымда адам ұрлау фактісін жоққа шығарды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!