Ақтөбеде құрылысы бес жыл бұрын басталған туберкулез диспансерінің ғимараты әлі аяқталмаған

22:22, 25 маусым 2024

© Сурет: видео скрині

Ақтөбеде құрылысы бес жыл бұрын басталған туберкулез диспансерінің ғимараты әлі аяқталған жоқ. Себебі жаңа ғимаратты салып біткенше, аймақта өкпе дертімен ауыратындар азайып кеткен. Сондықтан емдейтін науқасы жоқ нысан тұрғызу несіне қажет деп, шенеуніктердің басы қатып отыр.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Бес жыл бұрын туберкулез диспансерінің қос қабатының кірпішін қалап, төбесін жартылай жауыпты. Ол үшін қазынадан жарты миллиард теңге жұмсалған. Содан кейін құрылыс мүлдем тоқтап қалды. Қазір қоршау ішіндегі ғимараттың темір қазықтары шойдиып, бетоны әр жерде үйіліп жатыр.

Мамандар туберкулезбен ауратындар үшін аурухананың "түкке қажеті жоқ" дейді. Қазір бұл дертті жұқтыратындар мүлдем аз.

Ең қызығы, Ақтөбенің біраз ықшам ауданында күнделікті басы ауырып, балтыры сыздағандар баратын емхана жетіспейді. Кезінде құрылысы басталып, қазір қаңырап қалған құрылысты алда кәдеге қалай жаратынын әкімдіктегілер нақты білмей отыр.

"Қараусыз емес. Ол консервация кезеңінде тұр. Енді алдағы уақытта инфекциялық стационар болуы мүмкін, үлкен клиника ашылар деген ойдамыз. Бұл сұрақ қазір қарастырылып жатыр".Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Іңкәр Қарашаева

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!