Елордада «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы басталды
Астанада жаңажылдық мереке күндерінің қарсаңында «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы басталды. Аталмыш шара қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыруға бағытталған, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астанада жаңажылдық мереке күндерінің қарсаңында «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы басталды. Аталмыш шара қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыруға бағытталған, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акция шеңберінде астаналық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері халық арасында қауіпсіздікті насихаттау бойынша жұмыстар жүргізеді: инженерлік-инспекторлық құраммен аулаларды аралайды, азаматтарға қауіпсіздік ережелері нұсқалған материалдар таратады.
Қайғылы жайттардың басым бөлігі мереке күндері орын алады. Дәл осы күндері қараусыз қалған балалар тек жарақат алып қана қоймай, кей жағдайларда көз жұмып та жатады. Өкінішке орай, құтқарушылар бұндай жағдайлармен жиі кездеседі: ересектердің салғырттығы өкінішті жағдайлардың орын алуына себеп болады.
Осы ретте Астана қаласы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын ескертеді: өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар, пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде ережелерге назар аударыңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өрт орын алған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлері бойынша қоңырау шалу қажет.
Источник: bnews.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





