Еліміздің екі өңіріндегі жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
© Сурет: Zakon.kz
2025 жылы 8 ақпанда Ақтөбе және Қызылорда облыстарында республикалық тас жолдардың кейбір учаскесінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған шектеулер сағат 12:40-тан бастап жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты енгізілді:
- Ақтөбе облысында "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" тас жолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін);
- Қызылорда облысында "РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы" тас жолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) жабылды.
Жолды 2025 жылы 8 ақпанда сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
Сенбіде синоптиктер Астанада, Шымкентте және 15 өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:33, 18 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан Қазақстанда қандай тауарлар қымбаттайды
-
16:22, 18 наурыз 2026
Алматы тұрғыны SIM-карталарды тіркеу схемасына қатысқаны үшін сотталды
-
16:10, 18 наурыз 2026
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді есірткіге тексеру енгізілуі мүмкін
-
16:03, 18 наурыз 2026
Елімізде Конституциялық реформадан кейін сөз бостандығы қалай реттеледі
-
15:54, 18 наурыз 2026
Доллар бағамы өсім көрсетті





