Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді есірткіге тексеру енгізілуі мүмкін
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 18 наурызда Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжаттың негізгі жаңашылдықтарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев таныстырды.
"Заң жобасының басты міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметті сервистік және азаматқа бағдарланған модельге көшіру, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және HR-процестерді цифрландыру. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар айқындалған. Олардың қатарында қазақстандық патриотизм, кәсібилік, ашықтық, әдептілік, мінсіз бедел, құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік бар", – деді ол.
Заң жобасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту және ұстап қалуға бағытталған бірқатар шаралар көзделген:
- бір лауазым аясында көлденең мансаптық өсу тетігін енгізу (жалақы жүйесімен байланысты);
- мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кемінде үш жылда бір рет индексациялау;
- қызмет бойынша басқа елді мекенге ауысқанда тұрғын үй төлемдерін, көтерме жәрдемақыны және көшу шығындарын өтеу;
- ротация немесе көшу кезінде қызметкерлердің балаларын балабақшаға кезектен тыс орналастыру;
- жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі;
- мемлекеттік наградасы бар және кемінде 25 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлерге зейнетке шыққанда төрт лауазымдық жалақы көлемінде біржолғы төлем беру;
- артық жұмыс, демалыс және мереке күндері үшін өтемақы төлеу кепілдіктері.
"Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты реттеледі: күнделікті жұмыс уақыты – 8 сағатқа дейін; апталық норма – 40 сағаттан аспайды; I және II топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайды; жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналарға және науқас туысын күтетін қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін". Дархан Жазықбаев
Заң жобасы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық кепілдіктерін жетілдіруді де қарастырады:
- тәртіптік жауапкершілікке икемді тәсіл енгізу (жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеру);
- жауапкершілікті жоққа шығаратын жағдайларды бекіту;
- тәртіптік жазалардың мерзімін 2 айдан 6 айға дейін саралау және оларды мерзімінен бұрын алып тастау мүмкіндігі;
- тәртіптік жазамен байланысты емес ықпал ету тетіктерін енгізу;
- заңсыз араласудан және негізсіз айыптаулардан қорғау кепілдіктері.
Маңызды жаңалықтардың бірі – мемлекеттік қызметшілерді медициналық тексеруден өткізу талаптарын енгізу. Бұл заңсыз есірткі, психотроптық заттар және олардың аналогтарын қолдануды анықтау мен алдын алуға бағытталған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер заңмен нақты айқындалады. Олардың ішінде:
- есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта қолдану;
- алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас күйінде көлік жүргізу.
Сондай-ақ, мына жағдайларда уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдер берілмейді:
- қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда;
- алкоголь немесе есірткі қолдану салдарынан жарақат алған немесе ауырған жағдайда;
- еңбек демалысында немесе бала күтімі демалысында болған кезде.
"Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскен күннен бастап құмар ойындарға қатысуын шектеуге міндетті", – деп атап өтті Дархан Жазықбаев.
Құжатта мемлекеттік аппараттың ашықтығын, тиімділігін және кәсібилігін арттыруға бағытталған өзге де шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке дайындық институтын енгізу және оны сәтті аяқтаған тұлғаларға кепілдіктер беру көзделген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 18 наурыз 2026
Жаңбыр, қар және көктайғақ: 19 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады
-
17:39, 18 наурыз 2026
Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты
-
17:22, 18 наурыз 2026
Тоқаев Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы жарлыққа қол қойды
-
17:12, 18 наурыз 2026
Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары кімдер
-
17:02, 18 наурыз 2026
Тоқаев Аустриямен реадмиссия туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды





