Еліміздің барлық аймағында жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет – Мемлекет басшысы
© Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында барлық өңірде құрылысты жандандырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы азаматтарды толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті.
"Сондықтан басты назарды инфрақұрылым құру ісіне аударамыз. Бұған дейін де айттым: Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет", – деді президент.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына қажеттілігін егжей-тегжей анықтау жұмысын тез арада толық аяқтау керектігін жеткізді. Бұл үшін жан-жақты зерттеу мен талдау жүргізу қажет.
Мемлекет басшысы ауыл-аймақтарды дамыту мәселесі де әрдайым ерекше бақылауда екенін айтты. Сонымен қатар қалалардың экономика, білім мен технологияны дамытудағы, таланттарды шыңдаудағы рөліне назар аударды.
"Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қала ресурстарын тиімді басқару үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеуге тиіс екенін мәлімдеді.
"Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – "Таза Қазақстан" жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап", – деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, қаланың қарқынды дамуы өңір экономикасының өркендеуіне және адами әлеуетінің артуына ықпал етеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:13, 28 қазан 2026
Кәсіпкерлердің және инвесторлардың алаңсыз жұмысы үшін – Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды
-
12:13, 28 қазан 2026
Қазақстанның қаржы жүйесі айтарлықтай орнықты деңгейде – Президент теңгенің құндылығы арта түскенін айтты
-
12:13, 28 қазан 2026
Өте маңызды міндет – Президент Жолдауда мемлекеттік басқарудың сапасын жақсартуды тапсырды
-
12:10, 28 қазан 2026
Тоқаев бюджет шығындарын бақылауға жасанды интеллектіні пайдалануды ұсынды
-
12:07, 28 қазан 2026
Президент Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендету үшін бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды





