Еліміздегі жұмыссыздарға үкімет тарапынан қандай көмек беріледі
© Сурет: freepik
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев үкіметте 2026 жылғы 2 маусымда өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі жұмыссыздық бойынша тағайындалатын жәрдемақыны төлеу мерзімін қысқарту жоспарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елімізде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін алты айдан төрт айға дейін қысқарту жоспарда бар. Журналистер министрден мұның қаншалықты орынды-орынсыз екенін сұрады.
"Бізде пандемияға дейін төрт ай болған, яғни біз осы мерзімге қайта ораламыз (шамамен ескі нормаға – ред.). Электрондық еңбек биржасында айына 117 мың бос жұмыс орны орналастырылады. Сондықтан ұзақ уақыт жұмыссыз жүру мүмкін емес және біз бұл арада мерзімді қысқартып қана қоймай, осы кезеңде жұмыссыз азаматқа оның мамандығы бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынамыз", – деді Асқарбек Ертаев.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев 2026 жылғы 2 маусымда өткен үкіметтегі баспасөз мәслихатында декреттік төлемдердің берілу тәртібіне қатысты түсініктеме берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:51, 2 маусым 2026
Жамбыл облысында кәсіпкер онлайн дәріске байланысты продюсермен соттасты
-
18:36, 2 маусым 2026
Арнайы әлеуметтік төлем: қазақстандықтар жас бойынша жеңілдікке ие бола алады ма
-
18:26, 2 маусым 2026
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті қызметінен кетті
-
18:09, 2 маусым 2026
Ақтөбеде мұнай компаниясынан 6,3 млрд теңге ұрланған: атышулы іске нүкте қойылды
-
18:09, 2 маусым 2026
Ақтөбеде мұнай компаниясынан 6,3 млрд теңге жымқырылған: атышулы іске нүкте қойылды





