Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

19:07, 1 маусым 2026

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық 17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының екінші айналымында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 8-нөмірлі ойыншысы болып тіркелген отандасымыз америкалық Агасси Рашерді (ITF жасөспірімдер рейтингінде 94-орын) екі сетте тас-талқан етті – 6:2, 6:1.

Кездесу бар-жоғы 1 сағат 6 минутқа созылды, бұл уақытта Нұрланұлы корттағы жағдайды толықтай өз бақылауында ұстады.

Осы табысының арқасында Заңғар Париждегі беделді Үлкен дулыға турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.

Ол енді ширек финал жолдамасы үшін Янник Альварес (Пуэрто-Рико) – Леонардо Шторк Франка (Бразилия) текетіресінің жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!