«Мектепке жарылғыш зат орнаттым»: ШҚО-да жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды
© Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінің кезекші бөліміне мектепте жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпараттың шынайылығын анықтау үшін полиция қызметкерлері мен кинолог мамандар жұмылдырылып, мектепті тексерген, алайда ақпарат жалған болып шықты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті – аталған мектептің 13 жастағы оқушысы екені анықталды. Жасөспірім әзілдеу үшін жалған хабарлама таратқанын мойындады.
Оқушымен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олар кәмелет жасына толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Полиция террористік актілер туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 14,5 млн теңгеге дейін айыппұл салынатынын немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін екенін ескертеді.
14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал 14 жасқа толмаған жағдайда балалардың ата-аналары тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:46, 25 қараша 2024
Мысырда туристер толы яхта теңізге батып кетті
-
18:38, 25 қараша 2024
Электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметтің шекті тарифі қаншаға қымбаттайды
-
18:17, 25 қараша 2024
Алматыда автобуста телефонмен саңқылдап сөйлескен әйелді ер адам ұрып жіберді
-
17:44, 25 қараша 2024
Кәріз құдығына құлап, мерт болған бүлдіршін: Атырауда балабақша басшысы мен тәрбиешісі сотталды
-
17:30, 25 қараша 2024
ШҚО-да Бұқтырма өзеніндегі су кенеттен көтеріле бастады