Петропавлда «синтетика» таратқан күдіктілер ұсталды
© Фото: pexels
32 жастағы петропавлдық пен 19 жастағы студент қыз есірткі өткізді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны және 19 жастағы студент қыз синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілінді.
Қазан айының басында полицейлер оларды ер адамға тиесілі Mercedes автокөлігінде ұстады. Автокөліктен психотроптық зат салынған 30 түйіншек тәркіленді, тағы 72 түйіншек күдіктілерден өздерінен табылды. Студенттің тұрғылықты жерінен полицейлер 27 грамм есірткі тәркіледі.
Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары ер адам жұмыс істеген кеңседе бұрын ішінде ұнтақ тәрізді зат болған бос зип-лок қалташаларын тапты.
Күдіктілерден барлығы 129 грамм мефедрон және α-PvP психотроптық заттары тәркіленді.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қылмыстың бастамашысы қыз болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер күзетпен қамауға алынды. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – деп нақтылады СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:21, 25 қараша 2024
Сотталушыдан ақша бопсалаған түрме бастығы жұмысынан айырылып, 45 млн теңге айыппұл арқалады
-
17:06, 25 қараша 2024
Владимир Путин 27 қарашада Қазақстанға келеді
-
17:04, 25 қараша 2024
Бұл АЭС емес. Депутаттар мұнай өңдеу зауытының құрылыс мерзіміне шағым білдірді
-
16:57, 25 қараша 2024
Жаңа мұнай өңдеу зауыты қайда салынады
-
16:50, 25 қараша 2024
Сәтқалиев «Екібастұз ГРЭС-1-дегі» жағдайға қатысты түсініктеме берді