Елімізде «жұмыссыздық бойынша жәрдемақы» деген ұғым неге қарастырылмаған
© Сурет: pexels
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов 2024 жылы 1 қарашада журналистермен болған кездесуде жұмысынан айырылған жағдайда кімдер мемлекет көмегіне жүгіне алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәулет Арғандықов Қазақстанда "жұмыссыздық бойынша жәрдемақы" деген ұғым жоқ екенін атап өтті.
"Жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған, оны мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлейді... Біз әділеттілік турасын айтып отырмыз, яғни жүйе тәуекелдер туындаған жағдайда "қорғаныш жастығы" ретінде жұмыс істеуі керек, ол сол үшін жасалған. Сондықтан, бұл механизмдер бүгіндері осылай жұмыс істейді. Бұл - өте қалыпты тәжірибе", - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, мұндай көмекті тек жұмыс істеген, бірақ жұмысынан айырылғандар ғана алады.
"Неліктен біз бен сіздер жұмыс істеп, бюджетке ақша аударамыз, егер бұл ақшаны жұмыс істемейтін, ақша аудармағандар алуы керек болса? Бұл әділетсіз емес пе? Бүкіл әлемде осылай: кім жұмыс істеп, ақша аударады, солар үшін бұл сақтандыру болады. Оның үстіне, төлем мөлшері әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және аударымдарыңыздың мөлшеріне байланысты болады", - деді ол.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец төлемдер МӘСҚ-ның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар, яғни жұмыс беруші әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасаған жұмыскер азаматтарға берілетінін нақтылады.
"Ол алты айға дейінгі кезеңде жоғалтқан табысының 40%-на дейінгі көлемде төленеді және жұмысынан айырылған адамға басқа жұмыс табуына уақыт мүмкіндігін беруге бағытталған. Айталық, бұл оны қиын жағдайда қолдауға арналған төлем. Бұл жұмыссыздық бойынша жәрдемақы емес. Бізде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы деген жоқ. Ал табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған. Бұл екі түрлі дүние. "Көмек", "көмектесу" үшін беріледі. Көмек ақша адамдардың осы ақшаға толықтай өмір сүруіне арналмаған", деп түйіндеді сөзін ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 23 желтоқсан 2024
Қолайсыз ауа райына байланысты БҚО-дағы жолдардың бір бөлігі жабылды
-
22:16, 23 желтоқсан 2024
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
-
21:46, 23 желтоқсан 2024
Ешбір туған-туысы жоқ марқұмдарды жерлеу рәсімінде былық көп - БАҚ
-
21:29, 23 желтоқсан 2024
Семейдегі шырша: Дәрігерлер жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан мұғалімнің жағдайы туралы айтты
-
20:50, 23 желтоқсан 2024
«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды