Елімізде тағы үш адам коронавирустан көз жұмды

09:19, 3 маусым 2020

Қазақстанда коронавирус инфекциясы салдарынан тағы үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

COVID-19-ны таралуын болдырмау жөніндегі Ведомствааралық комиссияның ақпараты бойынша, өткен тәулікте Шымкентте (1956 жылғы), Павлодар облысында (1935 жылғы), Нұр-Сұлтан қаласында (1959 жылғы) коронавирустан бір-бір адамнан қайтыс болды.

КВИ тест оң нәтиже көрсеткен науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітім ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады, делінген хабарламада.

Қазақстанда COVID-19-дан жалпы саны 44 адам көз жұмды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!