Елімізде 881 млрд теңгеге ірі электр станциясы салынады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Үкіметі Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын конденсациялық электр станциясын салу жөніндегі ҚР Энергетика министрлігі мен "ГРЭС Курчатов" ЖШС арасындағы инвестициялар туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 5 қыркүйектегі Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.
Жоба Курчатовтың одан әрі дамуына энергетикалық негіз болады.
Қалада ірі ғылыми инфрақұрылым шоғырланған. Олардың қатарында Ұлттық ядролық орталық, Ядролық технологиялар паркі, зерттеу реакторлары, зертханалар және қазақстандық термоядролық КТМ токамагы бар.
"Жаңа станцияның құны – 881 млрд теңге. Әрқайсысының қуаты 350 МВт болатын екі энергия блогын 2032 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Электр станциясы іске қосылғаннан кейін жылына 5 млрд кВт·сағ дейін электр энергиясын өндіре алады. Шамамен 4,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген", – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Станция жоғары қысым мен температура жағдайында жұмыс істеуге арналған заманауи бу-күштік жабдықтармен жабдықталады. Сонымен қатар "таза көмір" технологиялары қолданылады.
Қоршаған ортаға әсерді азайту үшін жоба аясында Экологиялық кодекс пен ең озық қолжетімді технологияларға қойылатын талаптарға сәйкес газ тазарту, шығарындыларды сүзу және шаңды басу жүйелері қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:51, 25 қазан 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан
-
10:36, 25 қазан 2026
Қазақстандық спортшы шаңғымен трамплиннен секіруден тарихи жетістікке қол жеткізді
-
10:20, 25 қазан 2026
Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз
-
09:58, 25 қазан 2026
Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты
-
09:28, 25 қазан 2026
Дастан Сәтпаев өнер көрсететін «Бернли» футбол клубының бас бапкері қызметінен қуылды





