Елімізде 12 млрд теңге сомасына әлеуметтік жобаларды іске асыру басталды
© Фото: Zakon.kz
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өтті.
2024 жылдың 28 қақанындаБас прокуратура берген мәліметке сай, активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылды.
Солардың бірі – Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы болып табылады.
Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды.
Объект іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтілуде.
Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:24, 28 қазан 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 28 қазандағы валюта бағамдары
-
12:17, 28 қазан 2024
Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды
-
12:06, 28 қазан 2024
ШҚО-да тұмау жұқтырғандар көбейіп барады
-
11:55, 28 қазан 2024
Өзбекстандағы парламенттік сайлау: қанша сайлаушы өз дауыс берді
-
11:47, 28 қазан 2024
Шерзат Полаттың өлімі: Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеу жүріп жатыр