Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда "Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі" (ББЖ) жобасын жүзеге асыру жалғасып келеді. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі хабарлады.
ББЖ жобасының негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.
Бейне талдау түтінді, отты, қалған заттарды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, киімді, жынысты және бет-әлпетті тану және т.б. негізінде қалыптасады.
Қазіргі уақытта 603 мемлекеттік және 906 жеке нысан бейнеағындарын ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың бейнекамера қосылған.
Биыл екінші тоқсанда "Сергек" зияткерлік қауіпсіздік жүйесінің қосымша 300 аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.
Айта кетейік, қалада 9034 бейнекамерадан тұратын 1641 "Сергек" кешені жұмыс істеп тұр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:17, 28 қазан 2024
Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды
-
12:06, 28 қазан 2024
ШҚО-да тұмау жұқтырғандар көбейіп барады
-
11:55, 28 қазан 2024
Өзбекстандағы парламенттік сайлау: қанша сайлаушы өз дауыс берді
-
11:47, 28 қазан 2024
Шерзат Полаттың өлімі: Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеу жүріп жатыр
-
11:34, 28 қазан 2024
Мексикада көлікті ұрлап кеткен күдікті шіркеу маңындағы адамдарды қағып кетті - 16 адам жарақаттанды