Түркістанда жүйелі жұмыстар жүргізген мамандар дүкендерден сәйкестік декларациясы жоқ өнімдерді анықтады

14:42, 27 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі Түркістан облысында Кореядан әкелінген өнімдерді қосқанда барлығы 29 өнімді сатып алып, оларға жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізді. Жұмыс халықты тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың сапасы туралы ақпараттандырудан тұрады.

Ол үшін өнімдер Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес құпия сатып алушы әдісімен сатылып алынып, зерттеуге ұсынылды.

Түркістан облысында Кореядан әкелінген өнімдерді қосқанда барлығы 29 өнім сатылып алынып, жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлар мен шыққан тегі белгісіз тауарлардың нарықта неліктен сатылып жатқаны туралы тұтынушылардан ауызша және жазбаша түрде көптеген пікірлер түсті, сонымен қатар Instagram желісіндегі парақшасында тұтынушылар тарапынан өнім қаптамасында мемлекеттік тілде ақпараттың жоқтығына байланысты наразылықтар айтылып, олар біздің прокуратураға хабарласуымызды сұрады.

Тұтынушылар назарына!

Тұтынушы тиісті тексеру органдарына шағым берудің нақты алгоритмін білуі керек.

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, бұлтартпас негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері туралы өтініштері шағымға негіз болып табылады.

Бұған қоса, сізде сатушының ЖСН/БСН және мекенжайы, дәлел ретінде фискалды/сату түбіртектері болуы керек. Дүкендердің фотосуреттерінің де болғаны дұрыс.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгіну қажет болса, аударымдар бойынша төлемдер айғақ болып табылмайтынын ескертеміз, ал тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері сіздің шағымдарыңызды қабылдай алады, өйткені ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжат – қағаз немесе электрондық түрде берілген бақылау (өткізу) түбіртегі немесе кассалық кіріс ордері үшін берілген түбіртек, жыртылған талонға чек – тиісті түрде ресімделген техникалық төлқұжат, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) атауы, құны, сатып алу күні, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы мәліметтерді қамтитын басқа құжат болып табылады.

Тұтынушыда өнімді сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжаттың немесе өнімді сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) кезінде жасалған шарттың болмауы оны куәнің айғақтарына жүгіну құқығынан айырмайды; сондай-ақ тауарларды сатып алғанын фото және бейнежазбалар да – дәлелдейтін фактілер саналады.

Нормативтік-құқықтық актілердің иерархиясында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі "Тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау туралы" заңынан жоғары тұрғанын естеріңізге саламыз, сондықтан тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда, онда Кәсіпкерлік кодексі тұрғысынан шаралар қабылданатын болады, ол үшін сізде сенімді себептер мен растайтын дәлелдер болуы керек.

"Сенімді себептер мен жеткілікті дәлелдерді жинау үшін бізге Қазақстандағы төрт ірі аккредиттелген зертханамен келісімге отыруға тура келді. Бұл - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Екіншісі – Көкшетау қаласындағы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" акционерлік қоғамы; Біз азық-түлік өнімдерін жеткізген үшінші зертхана – елордада орналасқан "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Азық-түліктік емес тауарларға арналған төртінші зертхана да елордада орналасқан, бұл Астана қаласындағы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" акционерлік қоғамы", – дейді тұтынушылар құқықтарын қорғаушы Жанна Биятан.

Корея өнімі, Buldak Hot Chicken Samyang Korea, тұтынушы құқығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 14:42

Сурет: Жанна Биятан

Түркістан қаласында сатып алынған тез бұзылмайтын тауарлар Шымкент және Тараз қалаларында орналасқан "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" акционерлік қоғамдарында, тез бұзылатын өнімдер Түркістан облысы бойынша "Ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК-да сараптамадан өтті.

"Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ОҚФ корей өнімдеріне жүргізген зерттеулерінде: Buldak Hot Chicken Samyang Korea тез дайындалатын кеспесі мен 92 грамдық тұздықтағы кеспеде мемлекеттік тілде ақпарат жоқтығын анықтады.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 25-бабы, 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат ұсынылмаған болып саналады.

Корея өнімі, тұздықтағы кеспе, тұтынушы құқығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 14:42

Сурет: Жанна Биятан

"Сонымен қатар, біз Еуразиялық экономикалық комиссияның веб-сайтынан – Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінен, сондай-ақ қазақстандық тізілімінен өз бетімізше іздегенде осы өнімдердің сәйкестік туралы декларацияларын таппадық", – деп сөзін аяқтады Жанна Үрметханқызы.

Осыған байланысты тиісті бақылау органдарына өтініштер жолданды.

Егер сіз осындай бұзушылықтары бар өнімді сатып алсаңыз, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!