Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жасар қыз табылды

13:14, 27 қазан 2024

© Сурет: pixabay

Полиция қызметкерлері 16 жастағы ақмолалық жасөспірімнің орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 16 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 21 қазанда Қосшы қаласының полиция бөліміне келіп түскен. Туыстарының айтуынша, 19 қазанда Дильназ үйден шығып, кері оралмаған, телефон қоңырауларына да жауап бермеген.

Бірнеше күннен кейін туыстары полицейлерге көмек сұрап, жүгінді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыздың Семей қаласында жүргені белгілі болды.

Полиция қызметкерлері ата-аналардан балаларға, әсіресе демалыс кезінде бақылауды күшейтуді сұрайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!