Әлеуметтік демалыс деген не және ол кімдерге беріледі
© Фото: unsplash
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 17 ақпанда әлеуметтік демалыс кімге және не үшін берілетіндігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлының айтуынша, Еңбек Кодексінің 87 бабына сәйкес қызметкерлерге әлеуметтік демалыс алу құқығы беріледі. Атап айтқанда:
- жалақы сақталмайтын демалыс;
- оқу демалысы;
- жүктілікке және бала тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты демалыс;
- бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс;
- бір жыл ішінде 3 жұмыс күнінен аспайтын скрингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс;
- кемінде 3 жұмыс күні көлемінде 12 аптаға дейін жүктілігі бойынша медициналық есепке қою бойынша демалыс;
"Әлеуметтік демалыс - бұл ана болу үшін қолайлы жағдайлар жасау, скрингтік зерттеуден өту, балаларды күту, өндірістен қол үзбей білім алу және басқа да әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату". Бибарыс Тәңірбергенұлы
Оның айтуынша, көрсетілген демалысты беру жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді.
"Егер ҚР Заңдарында өзгешелік көзделмесе, әлеуметтік демалыста болу кезеңі еңбек өтіліне есептелетінін атап өткен жөн",- деп қорытындылады маман.
Бұған дейін ҚР Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсыратын колледж түлектеріне жүгінгендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





