Елена Рыбакина туған күнінде Берлиндегі турнирді жеңіспен бастады
© Фото: zakon.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингісінде 11-орында) Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытайлық теннисші Чжэн Циньвэнь (WTA-ның 4-ракеткасы) жарыстан шығып қалғандықтан, оның орнына "лаки-лузер" – америкалық Эшлин Крюгер (WTA рейтингісінде 33-орында) қатысты.
Рыбакина америкалық теннисшіні екі сетте жеңіп шықты – 6:3, 7:6. Келесі айналымда Елена чехиялық Катерина Синяковамен (74-орын) кездеседі. Айта кетейік, Синякова – жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы.
Қазақстандық теннисші бұған дейін де биыл Крюгермен кездескен. АҚШ-тағы Майами турнирінде америкалық спортшы сенсация жасап, Рыбакинаны үш сетте жеңген еді – 6:4, 2:6, 6:4.
Берлин турнирінің биылғы жүлде қоры – 925 661 еуро. Жеңімпаз 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді.
Айта кетейік, 17 маусым күні Елена Рыбакина 26 жасқа толды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 18 желтоқсан 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
-
17:51, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Хироши Микитаниді қабылдады
-
17:49, 18 желтоқсан 2025
Қазақстан мен Қатар еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықты растады
-
17:33, 18 желтоқсан 2025
Абай облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды
-
17:20, 18 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: спринтте үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді





