Елена Рыбакина Берлиндегі жарысты аяқтады

17:10, 21 маусым 2024

© Сурет: Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлинде (Германия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Виктория Азаренкоға қарсы үшінші раундтық кездесуін (1/4 финал) аяқтай алмады. Әлемнің төртінші ракеткасы денсаулығына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші партияда 3:1 есебімен Беларусь теннисшісі алға шыққанда Елена Рыбакина медициналық үзіліс алып, одан кейін кортқа шықпады.

Осылайша, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Виктория Азаренка (19 WTA) Берлиндегі турнирдің жартылай финалына шықты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!