«Әлемі бөлек»: Жанар Айжанованың қызының үйлену тойы Қазнетті дүр сілкіндірді
© Сурет: Instagram/aizhuldyz_adaibekova
Өткен демалыс күндері Алматыда экстрим-блогер Сәкен Қағаров пен актриса Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойын өткізді. Ерекше стильдегі тойдың бейнелерін желіге жас жұбайлар ғана емес, қонақтар да жаппай жүктеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Адайбекова әнші Жанар Айжанованың жалғыз қызы. Ол бұған дейін танымал мобилограф Қыран Талапбекпен шаңырақ көтерген болатын. Алайда, олардың некелері ұзаққа созылмады. Екеуінің Назар есімді ортақ ұлдары бар.
Жас жұп фотосуреттерін желіге келесідей жазба қалдырып жүктеді:
"Өмір саған мандариндер мен махаббат сыйлағанда".
Сондай-ақ, блогер Абай Қабдрашитов та өз әсерлерімен бөлісті.
Фотограф Асқар Бумага жас жұбайдың киімдеріндегі суреттерді Айжұлдыздың ұлы салғанын атап өтті.
Желі қолданушылары күйеу жігіт пен қалыңдықтың келбетіне сын көзбен қарап, өз пікірлерін білдірді. Дегенмен, көпшілік бақыт тілеумен болды:
- Бір-біріңе арналған жансыңдар ғой!
- Әйтеуір, біртүрлі.. Шетелдіктердің өзі үйлену тойын стандартқа сай киеді. Біртүрлі деген сайын біртүрлі санап өздерін.. Не де болса, бақытты болсын!
- Тең-теңімен деген осы екен ғой) Бақытты болыңдар!
- Жүректері бір біріне адал соқса болды емес па не киеді, не жейді шаштары қандай маңызды емес)
- Қандай әдемі, ерекше, өзгеше шексіз бақыт тілеймін)
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің тұрмысқа шыққалы жатқаны жайлы жазған болатынбыз. Димаштың күйеу баласы кім екендігін, бойжеткеннің таңдауы қай серіге түскенін мына жерден оқи аласыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





