Әлемге әйгілі саяхатшы Каспийді жүзіп өтті
© Сурет: azertag.az
Белгілі британдық саяхатшы Карл Бушби Қазақстаннан Әзірбайжанға Каспий теңізі арқылы жүзіп баруы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, саяхат ойдағыдай өткен.
"Бағымызға орай, біз ешқандай қиындықтарға тап болмадық. Бастысы ауа-райының жайлы болғаны қуантты. Жүзуге ештеңе кедергі болмады", — деп жеткізді АЗЕРТАЖ Бушбидің сөзін.
Әзербайжанға жүзу Ақтау қаласының маңындағы жағалаудан басталған. Сапар 288 шақырымды құрап, 41 күнге созылды.
Карл Бушбимен американдық Анджела Максвелл және Әзірбайжанның екі жас жүзушісі, республиканың 15 дүркін чемпиондары Анастасия Боборкина мен Абдуррахман Рустамов топ құрады.
Британдық Карл Бушби мен американдық Анджела Максвелл — әлемнің түкпір-түкпірін зерттейтін саяхатшылар. Бушби бұл мақсатын 1998 жылдың қарашасында 38 мың шақырымды жүзіп өткеннен кейін бастады. Ал оның әріптесі Анджела Максвелл соңғы 7 жылда 4 құрылықтың 14 елінде болған. Ол шөлдер мен қарлы таулар арқылы барлығы 32 мың 186 шақырымды жүзіп өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:29, 19 қыркүйек 2024
Полицейлер WhatsApp-тағы алаяқтарды қалай тануға болатынын айтты
-
17:16, 19 қыркүйек 2024
Павлодарда студент педагогқа пышақ жұмсады
-
16:43, 19 қыркүйек 2024
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берілді
-
16:37, 19 қыркүйек 2024
Атырауда мал азығын дайындау жұмыстары аяқталып қалды
-
16:32, 19 қыркүйек 2024
Алматыда қыркүйек айының соңына дейін Журавлев көшесінің бойымен қозғалыс шектеледі