Ақтөбедегі кепілдік оқиғасы: тың мәліметтер белгілі болды

10:14, 15 қаңтар 2025

© Фото: pexels

Ақтөбе облысында адамдарды кепілге алған күдіктінің оларға кім болып келетіндігі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратынша, 41 жастағы күдікте ер адам кепілге алынған келіншектің жақын танысы болған.

Келіншек сол қаралы түннен аман қалған жалғыз адам. Ақтөбе облысы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышевтің айтуынша, жәбірленушінің миы шайқалған, басынан, бетінен жарақат алған, кесілген.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында ОМОН-дар болған.

"Қорықтық. Есікті іліп алдық. Бірдеме сарт ете қалды. Ойбай, машина атылып кеткен шығар деп атып шықтық. Әйтеуір аманшылық екен. Сол кезде мына жерден адам шығарып жатты ма, қарауға мүмкіндік жоқ, толған машина". Маржан Тәжекенова, көршісі

Белгілі болғандай, жәбірленушінің кәмелет жасқа толмаған ұлы бар. Кейбір ақпараттар бойынша, жасөспірім үйден қашып үлгеріп, болған оқиға жайлы көрші тұратын туыстарына хабарлаған.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.

2025 жылдың 13 қаңтары күні кешке Ақтөбеден белгісіз біреудің жеке үйге басып кіріп, қызды кепілге алғаны туралы хабар келді. Бірнеше сағаттан кейін полиция кепілге алынғандарды құтқару операциясының сәтті өткенін хабарлады. Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. Өкінішке орай, 67 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал, 74 жастағы қарт жансақтау бөлімінде тіл қатпай кетті. Кепілге алынған үшінші адам — келіншек ауыр хәлде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!