Әлемдегі барша католиктер бүгін Иса пайғамбардың туған күнін тойлауда
© Сурет: pixabay
Бүкіл әлемдегі католиктер 24 желтоқсаннын 25 желтоқсанға қараған түні Рождествоны атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Христиандықта бұл күн Иса пайғамбардың дүниеге келуін білдіреді. Рождество алдындағы күн - 24 желтоқсан Рождество қарсаңы немесе Вигилия деп аталады. Екеуі де отбасылық мереке болып саналады. Бұл күндері отбасы мүшелерінің барлығы дастархан басында бас қосады.
"Рождество уақытында біз өткен жылға көз жүгіртеміз және иеміздің бізге берген сыйларын ризашылықпен еске аламыз. Биылғы жыл Қазақстан үшін қиын оқиғалардан басталды, бірақ біз бәрі реттеліп, біздің қоғамда бейбітшілік қайта орнағанына разымыз. Биылғы жыл біздің ұйымымыздың жаңа кезеңімен де ерекшеленді. Орталық Азияның католиктік ақпараттық қызметіне дейін тармағымыз кеңейді. Бірнеше ай бұрын Қазақстан халқы өз жерінде католик шіркеуінің басшысы – Рим Папасы Францискті қуана қарсы алды. Әрине, содан кейін де бұл жылды біз жиі еске алатын боламыз. Рождество мен Жаңа жыл құтты болсын!" Қазақстанның епископтары мен ординарийлері
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





