Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

15:16, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563304

© Фото: Zakon.kz

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 25 тамызда өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымына дайындыққа Үкімет резервінен бөлінген қаражат көлемін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрінің айтуынша, қазіргі таңда энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегі айтарлықтай жоғары.

Ол электр станцияларының "Qazaqgaz Aimaq" АҚ алдындағы қарызы 71,9 млрд теңгені құрайтынын мысал ретінде келтірді. Ал жылу электр орталықтары "Богатырь Көмір" ЖШС-не 87 млн теңге қарыз.

"Елдің энергетикалық инфрақұрылымын жылу беру маусымына дайындау аясында шұғыл шаралар қабылдау үшін Үкімет резервінен 27,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде жылу көздерін жөндеуге және салуға 12,7 млрд теңге, жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 8,4 млрд теңге, электр желілерін реконструкциялауға 6,8 млрд теңге қарастырылған", – деді Ерлан Ақкенжонов.

Сондай-ақ Ерлан Ақкенжонов Қазақстандағы ірі жылу электр орталықтарында технологиялық бұзушылықтар саны артқанын да атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!