Елбасы: Судьялардың алдында күрделі міндеттер тұр

18:00, 20 қараша 2019

Елбасы Жоғарғы Соттың Бас судьясы Жақып Асановпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Елбасының сайтына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде соттар мен бүкіл сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті заңның үстемдігін қамтамасыз ету және адамдардың соттарға деген сенімін арттыру жөніндегі шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

- Барлық белгіленген жұмыс бағыттары дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндет тұр. Әділік іздеген адамдар сот төрелігіне жүгінеді. Мұнда ең бастысы - әділеттілікті қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы керек, - деді Елбасы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!