Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайы өтіп жатыр
Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайы өтіп жатыр.
Шараға 750 делегат, оның ішінде 39 таяу және алыс шетелден 350 адам қатысып жатыр.
Құрылтай бағдарламасының негізі – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы тұжырымдамалық идеялар.
Қазақстардың Дүниежүзілік құрылтайы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Ол 1992-2017 жылдары өткен 5 Құрылтайдың сабақтастығы мен ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі мен саяси этникалық репатриацияның нәтижесін көрсетеді. Шараға 750 делегат, оның ішінде 39 Таяу және алыс шетелден 350 адам қатысып жатыр.
Өз кезегінде, Құрылтайдың делегациясы мен қонақтарының 80 пайызы шараға алғаш рет қатысып отыр. Тұңғыш рет Құрылтайдың қонақтары әр түрлі елден жиналды: Жапония, Корея, Италия, Ирландия, Черногория, Польша, Әзербайжан, Молдова. Құрылтайдың 60 пайыз қатысушысын 35 жасқа дейінгі жастар құрап отыр.
1992 жылдан бастау алған Құрылтай әлемнің әр түкпірінде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтардың пікірталас алаңына айналды. Құрылтай жаңаша түрде ұлттық тарих пен мәдениетке, қазақ халқының дәстүрініе жаңаша көзқарас туғызып байытады.
Айта кетейік Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайы жұмысын кеше, яғни 22 маусым бастады. Бірінші күні қалаға келген қонақтар көрнекті орындармен танысып, «Қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Этноауылды барып, «Қыз жібек» операсын тамашалады. Құрылтайдың жұмысы 25 маусымға дейін жалғасады.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:01, 15 мамыр 2026
Ердоған Ясауи кесенесіне ерекше сый жасады
-
18:58, 15 мамыр 2026
Тоқаев, Әлиев, Жапаров, Мирзиеев және Ердоған Ясауи кесенесіне зиярат етті
-
18:58, 15 мамыр 2026
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері Ясауи кесенесіне зиярат етті
-
18:41, 15 мамыр 2026
ТМҰ мүше елдердің басшылары Түркістан декларациясына қол қойды
-
18:38, 15 мамыр 2026
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің финалына шықты





