Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

09:17, 9 шілде 2026

© Фото: pexels

Алматының әл-Фараби даңғылында екі жүргізуші агрессивті көлік жүргізіп, олардың әрекетін жасырын патруль қызметкерлері тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Сейфуллин даңғылымен қиылыс маңында әкімшілік полицияның іздестіру бөлімінің қызметкерлері арнайы белгісі жоқ қызметтік көлікпен патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтаған.

Полиция қызметкерлерінің назарына BMW және Toyota автокөліктерінің жүргізушілері ілінген. Олар қауіпті маневр жасап, жолақтар арасында ретсіз ауысып, жол қозғалысының өзге қатысушыларына нақты қауіп төндірген.

"Екі автокөлік те жедел түрде тоқтатылды. Жүргізушілерге анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, көліктері мамандандырылған айып тұрағына қойылды", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Полицияның түсіндіруінше, жасырын патрульдеу қауіпсіздік талаптарын әдейі елемейтін және жол-көлік оқиғаларына себеп болатын жүргізушілерді анықтауға бағытталған. Бұл әдіс енгізілгелі бері агрессивті көлік жүргізудің 500-ден астам дерегі анықталып, жол қозғалысына қауіп төндірген жүргізушілер жауапкершілікке тартылған.

Еске салайық, Алматы көшелерінде жасырын патрульдер 2026 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істей бастады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!