Ресейде бес жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел кінәсін толық мойындады

10:25, 9 шілде 2026

© Фото: pxhere

Ресейдің Ачинск қаласында бес жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" басылымының Ресей Тергеу комитетіне сілтеме жасап жазуынша, жауап алу барысында әйел қылмысты жасауға жеке бас араздығы, соның ішінде күйеуіне деген жағымсыз қарым-қатынасы себеп болғанын айтқан.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 27 маусым күні күдікті қызын дүкенге барамыз деген сылтаумен үйден алып шыққан. Кейін оны теміржол бойына апарып, тұншықтырып өлтірген. Әйел баланың мәйітін теміржол үйіндісінің жанында қалдырып, кейін жол-жөнекей көлікке мініп Красноярск, Томск және Новосібір қалаларына кеткен.

Қыздың денесі 5 шілде күні іздестіру жұмыстары барысында табылды.

32 жастағы әйелге қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалады. Сараптама қорытындысынан кейін оған ресми айып тағылатын болады.

Қазіргі уақытта әйелге кәмелетке толмаған, дәрменсіз күйде екені алдын ала белгілі болған баланы қасақана өлтірді деген бап бойынша күдік келтіріліп отыр.

Бұған дейін Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен кейін 18 мыңға жуық адам баспанасыз қалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!