Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

19:26, 8 шілде 2026

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 8 шілдеде АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың орнықты өсіміне назар аударылды.

Президент былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты.

Кездесу, Ақорда, Мемлекет басшысы, АҚШ, Конгресс, сенатор, Стив Дэйнс, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 19:26

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлес қосқаны, сонымен бірге Джексон-Вэник түзетулерінің күшін жою жөніндегі заңнамалық бастаманы ілгерілету мәселелері бойынша елімізді ұдайы қолдап келе жатқаны үшін сенаторға ризашылығын білдірді.

Стив Дэйнс қазақ-америка қарым-қатынасын кеңейтуге бейілділігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ президенті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ықыласын жеткізді.

Сенатор, АҚШ, Конгресс, Ақорда, Стив Дэйнс, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 19:26

Сурет: Ақорда

Сенатор Қазақстанның жаңа Конституция қабылдағанына ерекше тоқталып, президентті ауқымды саяси реформаларды табысты іске асыруымен құттықтады.

Стив Дэйнс Негізгі заңға арқау болған қағидаттар мен құндылықтар Қазақстанды қуатты әрі озық мемлекет ретінде одан әрі жаңғыртуға берік негіз қалайтынына сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!