Ел азаматтары қыркүйекте қанша күн демалады
© Сурет: pexels
2026 жылдың қыркүйек айында бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар сегіз күн демалады. Олардың барлығы әдеттегі сенбі мен жексенбі күндеріне сәйкес келеді, яғни бұл айда қосымша демалыс күндері қарастырылмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Қыркүйек айында ұзартылған демалыстар мен мерекелер күтілмейді, сондықтан:
- аптасына бес күн жүмыс істейтіндер 22 күн еңбек етіп, 4 сенбі және 4 жексенбіні қоса алғанда, барлығы 8 күн демалады;
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер жексенбі апта бойындағы жалғыз демалыс күні болғандықтан, барлығы 4 күн демалып, 26 күн тер төгеді.
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Сондай-ақ Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен күнтізбедегі атаулы даталарға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, енді жыл сайын 3 қыркүйекте Қазақ тазысы мен төбеті күні атап өтілетін болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 2 қыркүйек 2026
Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады
-
22:36, 2 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты
-
21:25, 2 қыркүйек 2026
Археологтар Иса пайғамбардың жерленген жеріне қатысты тың мәліметтер тапты
-
21:25, 2 қыркүйек 2026
Археологтар Иса пайғамбардың жерленген жеріне қатысты жаңа мәліметтер тапты
-
21:08, 2 қыркүйек 2026
«Алты өңірде үсік жүреді». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды





