Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

18:54, 11 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, келесі аптада оңтүстік астанада өте жылы болады. Сынап бағаны алдағы жексенбіде 28 градусқа дейін жоғарылайды. Сонымен қатар, апта басында күн күркіреп, қатты жел соғады, бұршақ түсуі де ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаев алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын ұсына отырып, күн өте жылы болғанымен, арасында қатты жел соғып, екпіні 23 м/с дейін жетеді, жауын-шашын да болатынын айтады.

Бір апта ішінде, 2025 жылғы 12-18 сәуір аралығында алматылықтар мен мегаполис қонақтарын келесідей ауа райы күтеді:

12 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +24...+26°С.

13 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +26...+28°С.

14 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, кейде қатты найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұруы да мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 4-9 м/с, кей тұста - 18-23 м / с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +20...+22°С.

15 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні - 4-9 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +18...+20°С.

16 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 4-9 м/с, кей тұста - 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +14...+16°С.

17 сәуір: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +14...+16°С.

18 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +18...+20°С.

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағында қандай ауа райы болатынын айтып берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!