Жамбыл облысында балық аулауға барып, инспекторлармен қырқысқан ер адам айыппұл арқалады
© Сурет: unsplash
Жамбыл облысында балық аулауға шыққан ер адам балық шаруашылығы инспекторымен қызылкеңірдек болып қырқысып, ақыры айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. (Ұсақ бұзақылық) бойынша азамат О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот анықтағандай, 2025 жылдың ақпанында балық шаруашылығы инспекциясымен "Теріс-Ашыбұлақ" су айдынында жүргізілген рейдтік іс шара барысында, мұздық үстінде тиісті рұқсат қағазсыз балық аулап отырған азамат О-ны байқайды.
"Инспекторлардың жеке басын анықтайтын құжатты сұрағанына өзін таныстырудан бас тартып, оларға бағынбай балағат сөздер айтып қарысылық көрсетті. Нәтижесінде, инспекция қызметкерлері полиция шақыруға мәжбүр болған", делінген Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.
Cот отырысында құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасалған іс әрекетіне өкінетінін көрсетті.
Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. бойынша О. кінәлі деп танылып оған 78 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:51, 17 сәуір 2025
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары белгілі болды
-
20:30, 17 сәуір 2025
Бектенов Жамбыл облысында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағындағы жаңа жобалармен танысты
-
20:17, 17 сәуір 2025
Жаңбыр, қар, көктайғақ, үсік: 18 сәуірде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:51, 17 сәуір 2025
Қазақстандық бес спортшы қылышпен семсерлесуден Сеулде өтетін Гран-при кезеңінде бақ сынайды
-
19:33, 17 сәуір 2025
Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын өткізеді
Танымал жаңалықтар
-
22:48, 16 сәуір 2025
-
10:46, 17 сәуір 2025
-
11:30, 17 сәуір 2025
-
11:46, 17 сәуір 2025
-
21:41, 16 сәуір 2025
-
21:53, 16 сәуір 2025
-
22:39, 16 сәуір 2025
-
12:11, 17 сәуір 2025
-
11:59, 17 сәуір 2025
-
14:22, 17 сәуір 2025
-
12:38, 17 сәуір 2025
-
12:23, 17 сәуір 2025
-
14:10, 17 сәуір 2025
-
11:18, 17 сәуір 2025
-
09:34, 17 сәуір 2025